Илон Маск астрономдар себеп Starlink жер серіктерінің жарқындығын азайтатын болды
SpaceX-тың Starlink жерсеріктері қазіргі кезде орбитада 422-ге жетті
Жер шарын тегін интернетпен қамтуға арналған Илон Масктың Starlink жерсеріктері түнгі аспанда өте жарқын көрінгендіктен астрономдарға кедергі тудыруда, соның үшін олар мұның жарықтығын азайтуды талап етіп шағымданған.
Көптеген астрономдар Starlink жерсеріктерінің шамадан тыс жарықтығына шағымдана бастағанына байланысты Илон Маск құрылғылардың жарқындығын азайтатынын айтқан. Масктың айтуынша SpaceX құрылғыларының күн панелдері бұрыштарын аз жарық түсіру үшін өзгертеді. Кейіннен кейбір спутниктер күн панельдерін күнге қарай бұрып, жоғары орбиталарға ауысатын болады. Бұл жағдай олардың жарқындығын азайтады бірақ сонымен бірге алыс алыс нысандарды көруіне кедергі келтіруші жарықтық ластаруды туындатады, деген.
22 сәуірде ғана SpaceX кезектегі Starlink 60 жерсерігін орбитаға ұшырған болып, олардың саны қазірде 422-ге жетті. Илон Масктың бұл жобасы негізінде 2020 жылда АҚШ пен Канада тұрғындары пайдалана алатын болады. Ал 2021 жылда Starlink жерсеріктері бүкіл әлемге қол жетімді болуы жоспарланған.