Tesla компаниясының бас директоры Илон Маск адам тәрізді Optimus роботының прототипін көрсетті.
Жаңа буын Optimus роботы ақпан айында жасалған. Оның салмағы 73 келіні құрайды, ал бағасы 20 мың доллар.
Презентация барысында роботтың Калифорниядағы өндірістік аймақта өсімдіктерді суарып, жәшіктерді тасып, металл сымдарды көтеріп жатқаны бейнеленген таспа көрсетілді.
Масктың айтуынша, Tesla бұдан да мінсіз робот шығаруды жоспарлап отыр және олар миллиондаған сериямен шығарылмақ. Қазіргі уақытта бар гуманоид роботтарда «ми» және мәселелерді өз бетінше шешу қабілеті жетістірілуде.
Optimus роботы Tesla SoC процессорымен жабдықталған болып, Wi-Fi және LTE модульдері бар. Сондай-ақ жұмыс күні бойына жеткілікті болатын 2,3 кВт/сағ батарея орнатылған. Өндірістік модель қазірдің өзінде 8 км/сағ жылдамдықпен қозғалып, 20 кг-ға дейінгі жүктерді көтере алады.
Электромобиль өндіруші алдағы үш-бес жылдан кейін Optimus-қа тапсырыс қабылдай бастауға үміт білдірген. Болашақта компания үшін темір тұлпардан гөрі құлтемір бағыты маңыздырақ болуы мүмкін екенін айтқан.