Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Икер Касильяс кәсіби футболдағы мансабын аяқтады
19:43 / 2020-08-04

«Реал Мадрид» және «Порту» клубының бұрынғы қақпашысы кәсіби футбол мансабын аяқтау туралы шешім қабылдағанын хабарлады


«Реал Мадрид» және «Порту» клубының бұрынғы қақпашысы Икер Касильяс твиттердегі парақшасында кәсіби футбол мансабын аяқтау туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

«Ең бастысы сіз баратын жолда, сізбен бірге жолсерік болатын адамдар, бірақ бұл сапардың соңғы нүктесі емес. Менің ойымша, мен бұл сапарда өзім армандаған кезеңді өткердім, деп еш ойланбастан айта аламын», деп жазған 39 жасты қарсылаған Әлем чемпионы өзінің кәсіби футболдағы мансабына қатысты жазбасында.

Испаниялық қақпашы футболдан кету туралы шешімін өткен жылы қыста хабарлаған еді. 2019 жылдың мамырында ол инфаркті бастан өткерді. Кейіннен осы жылдың басында Касильяс Испания футбол федерациясының президенттігіне үміткер болу жайлы айтып, соңынан бұл шешімінен бас тартты. Соңғы ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол «Реал Мадридке» қайта оралады, ол жерде клуб президент Флорентино Переске кеңесші қызметін атқаратын болған.

«Реал Мадрид» клубы тәрбиеленушісі Икер Касильяс - 1998 жылдан 2015 жылға дейін «Корольдіктер» сапында 510 кездесуде алаңға шығып бес рет Испания чемпионы, екі мәрте ел кубогы және Чемпиондар лигасының үш кубогының жеңімпазы атанған. Қақпашы мансабының соңғы жылдарын «Портумен» өткізген ойындарында екі рет Португалия чемпиондығын және ұлттық Кубок пен Суперкубок кездесулерінде жеңіске жетті.