II Халықаралық жыраулар фестивалінің жеңімпаздары анықталды
Қарақалпақстанның Нүкіс қаласында өткен II Халықаралық жыраулар фестивалінің жеңімпаздары анықталды.
Орталық Азия мәдени өркениетінің маңызды бөлігі болып табылатын атаулы фестивалге әлем елдерінен 260-тан астам халық әртістері, өнер мен мәдениет қайраткерлері қатысты.

Екінші рет ұйымдастырылған Халықаралық фестивалдің жеңімпаздары:
Гран-при
Жәнібек Пиязов (Өзбекстан).
1 орын
- Феруз Норматов (Өзбекстан);
- Юлиана Кривошапкина (Ресей, Якутия).
2 орын
- Эльмира Жаңаберген (Қазақстан);
- Мубариз Әлиев (Әзірбайжан);
- Алексей Ховаляг (Ресей, Тува);
- Гүлбахор Ахимбетова (Өзбекстан).
3 орын
- Самад Кочобаев (Қырғызстан);
- «Kaukasus» тобы (Грузия);
- Хөссейн Гейлан (Иран);
- Бахшикул Тоғаев (Өзбекстан).
Фестивал жеңімпаздары: Гран -при иегері 7000 доллар, 1 орын - 5000 доллар, 2 орын - 1750 доллар, 3 орын - 1250 доллар ақшалай сыйлықпен марапатталды.
