Ига Свёнтек Indian Wells турнирінің жеңімпазы атанды
Әйелдер арасында әлемнің бірінші ракеткасы Ига Свёнтек Индиан-Уэллс турнирінің чемпионы атанды.
Осымен поляк теннис ханшайымы бұл турнирдің екі дүркін чемпионы болды. Бүгінге дейін Индиан-Уэллс турнирінің тарихында 9 теннисші екі рет бас жүлдені жеңіп алған. Свёнтек бұл көрсеткіш бойынша 10-шы теннисші атанды.
Айта кетейік, WTA 1000 Indian Wells турнирінің бас жүлдесін үш рет жеңіп алу бақыты қазірше ешкімге бұйырмаған. Қазіргі жағдайға орай, бұл рекордты Свёнтектің өзі жаңартуы әбден мүмкін.