Ига Свионтек теннис ханшайымы атанды
WTA нұсқасы бойынша Жер шарының теннис ханшайымы Ига Свионтек 2023 жылдың үздік теннисшісі деп танылды.
Екінші жыл қатарынан жүлдеге поляк теннисшісінен бөлек, беларусьтік Арина Соболенко, америкалық Кори Гофф, Джессика Пегула, қазақстандық Елена Рыбакина және чехиялық Маркета Вондроушова да үміткер болды.
Еске сала кетейік, 2023 жылы аяқталған теннис маусымында Свёнтек Ролан Гаррос және WTA финалдық турнирлерінің, сондай-ақ Бейжің, Доха, Штутгарт және Варшавадағы Үлкен дулыға турнирлерінің жеңімпазы атанады.