French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
IFFHS қорытындысы бойынша Карло Анчелотти жылдың үздік бапкері атанды
12:40 / 2024-12-23

Футбол тарихы мен статистикасы халықаралық федерациясы (IFFHS) 2024 жылдың ең үздік клуб бапкерлерінің рейтингін жариялады.

Оған сәйкес, «Реал» бапкері Карло Анчелотти ең жақын бәсекелесін 2,5 есе артта қалдырып, 268 ұпаймен көш бастап тұр. Ал одан кейінгі орындарды Хаби Алонсо («Байер», 104 ұпай) мен Пеп Гвардиола («Манчестер Сити», 88 ұпай) иеленіп отыр.

2024 жылдың қорытындысы бойынша топ-10 келесідей көрініс алған:

  1. Карло Анчелотти («Реал») – 268 ұпай.
  2. Хаби Алонсо («Байер») – 104 ұпай.
  3. Пеп Гвардиола («Манчестер Сити») – 88 ұпай.
  4. Жан Пьеро Гасперини («Аталанта») – 43 ұпай.
  5. Эдин Терзич («Боруссия» бұрынғы бапкері) – 19 ұпай.
  6. 6-7. Унаи Эмери («Астон Вилла») – 10 ұпай.
  7. 6-7. Габриэль Милито («Атлетико Минейро» бұрынғы бапкері) – 10 ұпай.
  8. Симоне Инзаги («Интер») – 9 ұпай.
  9. Томас Тухель («Бавария» бұрынғы бапкері) – 8 ұпай.
  10. Диего Симеоне («Атлетико») – 6 ұпай.