Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
IFAB футбол ережесіне өзгертулер енгізді
15:48 / 2021-03-07

Халықаралық футбол қауымдастығы кеңесі (IFAB) футбол қатысты ережелерге өзгертулер енгізді.

IFAB баспасөз қызметінің хабарлауынша, ойын кезінде кездейсоқ доп шабуылдаушы клуб футболшысының қолына тиіп кеткен жағдайда, сол футбошы немесе командаласы гол соқса ол есепке алынады. Бұл процесте голды бекіту туралы шешім төрешінің қалауы бойынша орындалмақ. Себебі, төреші футболшының өзі бұл жағдайда қай тәрізде тұрғаны мен доптың қолға қалай тигенімен бағалайды.

Бұған дейінгі ережеде, егер доп шабуылдаушы команда ойыншысының қолына тиген болса, бұл ереже бұзу деп саналып голға тартатын жағдайлар ескерілмейтін.

Жаңа ереже 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді, бірақ лигаларға шешімді мерзімінен бұрын орындауға рұқсат берілген.