ID-карта немесе жүргізуші куәлігімен Өзбекстанда банк қызметінен пайдалануға болады
Өзбекстан Республикасының Орталық банкі 2021 жылы 26 қаңтардағы қабылдаған кейбір ведомстволық нормативтік құжаттарға өзгерістерге орай азаматтар ID-карта немесе жүргізуші куәлігімен Өзбекстанда банк қызметінен пайдалана алады.
Орталық банктің ақпараттық қызметі хабарлағандай, нормативтік құқықтық актіге тиісті түзетулер енгізу нәтижесінде банк пен клиент арасындағы жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынуға байланысты мәселелер шешілді.
Өзбекстан Республикасының Президентінің 2020 жыл 22 қыркүйегіндегі «Өзбекстан Республикасында сәйкестендіру ID-картаны енгізу шаралары туралы» Жарлығына сәйкес, 2021 жылдан бастап сәйкестендіру жеке куәліктерін беру жүйесі енгізілді.
Нормативтік құжатқа енгізілген бұл түзетулер банк пен клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынуға қатысты кейбір келеңсіздіктердің алдын алуға қызмет етеді.