English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ичан қала Дүниежүзілік мұра орталығы жариялаған ЮНЕСКО күнтізбесіне енді
14:45 / 2022-01-29

Хиуа қаласының ішкі бөлігінде орналасқан Ичан қала сәулет ескерткіші Жапония үкіметінің қолдауымен қаңтар айында Дүниежүзілік мұра орталығы жариялаған ЮНЕСКО күнтізбесіне енді.

Орталық Азиядағы ең үлкен және бірегей сәулет ескерткіші саналатын тарихи мекен жайлы дерек ЮНЕСКО күнтізбесінде француз, ағылшын және испан тілдерінде беріліп, түрлі-түсті және ерекше фотосуреттермен жарияланған.

Хиуа қаласының ішкі қаласы (биіктігі 10 м кірпіш қабырғалармен қоршалған) деп айтылатын бұл орта, тарихта шөлді кесіп өткенге дейін Иранға бара жатқан керуендер үшін соңғы аялдама болған.

«Қалада көптеген көне ескерткіштер сақталған. Сондықтан ол ЮНЕСКО күнтізбесі бойынша Орталық Азия сәулет өнерінің ажырамас және жақсы сақталған үлгісі ретінде танылды. Ежелгі бекіністің ішінде Жұма мешіті, кесенелер мен медреселер сияқты бірегей құрылыстар, сондай-ақ 19 ғасырдың басында Хиуа ханы Аллақулихан салдырған зәулім екі сарай бар» екені айтылады ЮНЕСКО күнтізбесінде.