Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ибрагимович: Клубта футбол ойнаудан бөлек бапкер әрі президентпін
13:12 / 2020-07-08

Бір кемшілігі, клуб маған тек футболшы ретінде ғана жалақы төлеуде


38 жасты «Милан» клубының шабуылшысы швециялық Златан Ибрагимович « А Серия» кездесулерінің 31-тур аясында «Ювентус» клубы мен кездесудегі жеңістен кейінгі берген сұхбатында клубта футбол ойнаудан бөлек басқада қызмет атқаратыны жайлы айтты.

«Футболда жасым үлкен екені сыр емес. Бірақ бұл жәй ғана сандардың реттік көрінісі. Өйткені мен өзімді өте жақсы сезініп командаға көмектесудемін. Мен мұнда футболшы ғана емес, жаттықтырушы әрі президентпін! Бір кемшілігі, клуб маған тек футболшы ретінде ғана жалақы төлеуде. Егер мен Миланда маусымның басынан ойнағанымда, біз қазірде скудеттоны алған болар едік», деген Ибрагимович «Football Italia» басылымына берген сұхбатында.

31-турдың маңызды кездесунің бірі «Милан» және «Ювентус» клубы арасында өтті. Матчтың 62 минутына дейін таблода туриндіктер 2 гол айырмасымен жеңіп тұрған болатын, бірақ алаң иелері бар болғаны 20 минут ішінде Войеч Щенский қақпасына 4 гол соғып жеңіске жетті. Осылайша миландықтар 31 жылдық тарихи оқиғаны қайталады. Бұған дейін «Милан» клубы А Серия ойындарында «Ювентус» қақпасына 1989 жылда 4 гол соққан.