«IBA World Championships – 2025» турниріне қатысатын Өзбекстан құрамы жарияланды
2–13 желтоқсан күндері Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтетін ерлер арасындағы IBA әлем чемпионатына қатысатын Өзбекстан құрамасы ресми түрде белгілі болды.
Бұл биылғы жылдың ең ірі бокс додаларының бірі саналады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге жоғары көлемдегі сыйақылар қарастырылған:
- алтын медаль иегері – 300 мың АҚШ доллары,
- күміс жүлдегер – 150 мың доллар,
- қола медаль иегерлері – 75 мың доллар,
- ширек финалға шыққандар – 10 мың доллар алады.
Сыйақының бөліну тәртібіна орый 50 пайыз спортшыға, 25 пайыз бапкерге, 25 пайыз ұлттық федерацияға беріледі.
Турнир регламентіне сәйкес, 3–11 желтоқсан аралығында іріктеу кезеңі, ширек финал және жартылай финал жекпе-жектері өтеді. Ал финалдық шайқастар 13 желтоқсанда өтеді.
Тулқин Қиличев баптайтын Өзбекстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатына келесі 13 боксшымен қатысады:
- 48 кг: Шодиёржон Мелиқузиев
- 51 кг: Хасанбой Дусматов
- 54 кг: Асилбек Жалилов
- 57 кг: Хужаназар Нортожиев
- 60 кг: Абдумалик Халоков
- 63,5 кг: Саят Илясов
- 67 кг: Асадхужа Муйдинхужаев
- 71 кг: Шавкатжон Болтаев
- 75 кг: Фазлиддин Еркинбоев
- 80 кг: Жавохир Умматалиев
- 86 кг: Акмалжон Исроилов
- 92 кг: Турабек Хабибуллаев
- +92 кг: Арман Маханов