Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
IBA Ташкентте өтетін бокс чемпионатына бойкот жариялағандарға қатысты мәлімдеме жасады
12:04 / 2023-02-21

Халықаралық бокс қауымдастығы әлем чемпионатына бойкот жариялаған ел спортшыларына қаржылай қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Бұл жағдайға IBA бас хатшысы өз көзқарасын білдірді. Оның ойынша, федерациялардың шешімі спортшылардың қалауына сәйкес келмейді. 

"Түсінбеушілік пен дұрыс емес ақпарат осы ұлттық федерациялар ішінде бұл шешімді қолдамайтын спортшылар мен жаттықтырушылар, техникалық қызметкерлер, әкімшілер тарапынан наразылық туғызуда. Олардың бұл чемпионатқа келуіне қолдау көрсетуі керек", - деген ұйымның бас хатшысы Джордж Йеролимпос.

Бұған дейін Ресей мен Беларусь өкілдерінің Ташкентте өтетін бокстан Әлем чемпионатына өз туларымен қатысуына байланысты мына елдер бойкот жариялап қатыспайтынын мәлімдеген болатын: АҚШ, Ұлыбритания, Чехия, Финляндия, Канада, Ирландия, Швеция, Швейцария.