Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Hyundai компаниясы Apple-мен автомобиль жасау туралы келіссөздер жүргізуде
00:39 / 2021-01-10

2020 жылдың желтоқсанында Apple 2024 жылдан бастап өзінің жүргізушісіз автомобильдерін шығаруды жоспарлап отырғаны белгілі болды.

The Korea Economic Daily басылымы автомобиль өндіруші өкіліне сілтеме жасап, бірнеше автомобиль өндірушілер, соның ішінде Hyundai компаниясы Apple-мен электромобилдерді бірлесіп шығару туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады. Hyundai CNBC-ге бұл ақпаратты растап, әзірге түпкілікті шешімдер қабылданбағанын айтқан. 

Forbes-тің хабарлауынша, осы жағдайдан кейін Hyundai компаниясының акциялары 25 пайызға дейін өскен. Бұл соңғы 33 жылдағы автоконцерн акцияларының ең жоғары көрсеткіші.