Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Худжандта Өзбекстан мен Тәжікстан Премьер-Министрлерінің кездесуі өтті
20:30 / 2021-04-26

2021 жылы 24 сәуірде Худжандта Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі А.Арипов пен Тәжікстан Республикасының Премьер-Министрі К.Расулзода бастаған үкіметтік делегациялардың кездесуі өтті.

Онда екі елдің Мемлекет басшылары арасындағы ашық және сындарлы диалог екіжақты қатынастардың көпвекторлы стратегиялық серіктестіктің жаңа деңгейіне көтерілуіне, екі бауырлас халықтар арасындағы достық пен түсіністік атмосферасын нығайтуға ықпал еткені айтылды.

Тараптар Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтің биыл Тәжікстанға жасалатын сапарына дайындық аясында екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты нығайту және одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады. 

Келіссөздер барысында тауар айналымын одан әрі дамытудың әлеуетті мүмкіндіктері, өнеркәсіптік ынтымақтастықты нығайту жөніндегі бірлескен шаралар, көлік-коммуникация және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастық, аймақаралық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.