Huawei өзінің алғашқы электр көлігін таныстырды
Қытайдың Huawei компаниясы өзінің алғашқы электромобильін таныстырды.
Autohome-нің дерегінше Гуанчжоу автосалонында Avatar 11 брендті электрлі кроссовердің тұсаукесері өтті.
Бір зарядпен 700 шақырымға дейін жүру мүмкіндігіне ие темір тұлпарды «Changan» және «CATL» компанияларының қатысуымен шығарылып, ол сағатына 100 шақырым жылдамдыққа 4 секундта жетеді.
Сонымен қатар, электромобильде төртінші деңгейлі автопилот бар, бұл мүмкіндіктері бойынша Tesla жүйесінен жоғары.
Avatar 11 электромобильі жайлы деректер әзірге аз. Бір айтары Huawei компаниясы электромобильдің сериялық өндірісін 2022 жылдың көктемінде бастамақ. Қазірше оның нақты бағасы айтылмаған.