English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Huawei» смартфондар нарығынан мүлдем кетуі мүмкін деген болжам жасалды
18:13 / 2020-08-31

Тамыз айының соңында АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі «Huawei» компаниясына қарсы қатаң санкциялар жариялады


«Huawei» корпорациясы смартфондар нарығынан мүлдем кетуі мүмкін деген болжам жасалды.

Қытайлық «ITHome» басылымы беделді сарапшы Мин-Чи Кудың келтірген мәлімдемесіне орай таратқан хабарында, «Huawei» смартфондар нарығында өз жұмысын тоқтатуы жайлы айтылған. Мин-Чи Коның «Huawei» компаниясына Америка тарапынан салынған санкцияларына байланысты зерттеуінше оның әлемдік смарфондар нарығында үлесі қысқарған және бұл орындарды Apple, Oppo, Vivo ва Xiaomi иемденеді. Осы болжамға сай «Huawei» смартфон нарығынан мүлдем кетуі мүмкін деген тоқтамға келген. Оның айтуынша «Huawei» 2021 жылда өндіріс дағдарысына тап болады.

Тамыз айының соңында АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі «Huawei» компаниясына қарсы қатаң санкциялар жариялады. Осы жағдайдан кейін әлем бойынша тағы 38 филиалы санкциялар тізіміне қосылды, олардың жалпы саны 152 жетті. Бұған дейін «Huawei» өкілдері компанияда смартфондар шығаратын процессорлар таусылғанын айтқан. 15 қыркүйектен бастап TSMC чип жеткізушісі қытайлық корпорациядан тапсырыс қабылдауды тоқтататыныда бар.