«Huawei» компаниясы смартфондар саудасы бойынша әлемде жетекшіге айналды
Әлемдік нарықта соңғы тоғыз жыл ішінде «Samsung» және «Apple» смартфондар сатылымы бойынша әлемде көш бастап келеді
Қытайдың «Huawei Technologies» компаниясы смартфондар сатылымында алғаш рет «Samsung» компаниясын басып озып әлемде жетекшіге айналды.
«Canalys» аналитикалық компаниясы хабарлауынша «Huawei» бұл деңгейге 2020 жылдың екінші ширегінде қол жеткізген. Ондағы мәліметте компания сәуір мен маусым аралығында 55,8 миллион дана смартфон сатқандығы айтылады. Алайда бұл өткен жылғы саудамен салыстырғанда 5 пайызға аз. Коронавирустық пандемия салдарынан «Samsung» смартфондарына сұраныс 30 пайызған дейін төмендеген болып компания биыл 53,7 миллион дана сматфон сатқаны белгілі болған.
Әлемдік нарықта соңғы тоғыз жыл ішінде Кореяның «Samsung» және АҚШ-тың «Apple» компаниясы смартфондар сатылымы бойынша әлемде көш бастап келеді.