ХҚС Нетаньяху мен Галантты қамауға алу ордерін берді
Халықаралық қылмыстық сот (ХҚС) Палестинаның ХАМАС қозғалысының әскери қанатының қолбасшысы Мұхаммед Ад-Дейфке, сондай-ақ Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен қорғаныс министрі Йоав Галантқа қамауға алу ордерін берді.
– Халықаралық сот палатасы бірауыздан Израильдің Рим статуты аясындағы шағымдарын қабылдамау туралы екі шешім қабылдады. Сонымен қатар, Нетаньяху мен Галантқа Палестинада жасаған әскери қылмыстары мен адамзатқа қарсы агрессиялары үшін қамауға алу ордерін шығарды, – делінген ХҚС мәлімдемесінде.
Бұған дейін АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Газа секторындағы атысты тоқтату жөніндегі қарарына вето қойғаны хабарланған еді. Аталған қарарды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес 10 мүшесі әзірлеген және онда «тез арада, еш шартсыз және тұрақты» түрде атысты тоқтату талабы қойылған болатын.