Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Хорватияда жер сілкінісінен 7 адам қаза тапты
10:26 / 2020-12-30

Хорватия астанасы Загреб қаласының оңтүстік -шығысында болған жер сілкінісі салдарынан 7 адам қаза тапты.

XINA ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, түстен кейінгі уақытта орын алған жер сілкінісінің күші Рихтер шкаласы бойынша 6,3 баллды құрап, сілкініс эпицентрі Петриня қаласынан 46 км қашықтықта байқалған. Оның салдары бүкіл елде, сондай-ақ Венгрия, Австрия және Италия сезіліп, көршілес Словенияда Кршко атом электр станциясы уақытша жұмысын тоқтатқан.

Табиғи апат салдарынан Петриня қаласындағы көптеген ғимарат қирап, 7 адам опат болған. Марқұмдардың арасында 12 жасар қыз бар екендігі және жарақат алғандар саны қазірге нақты еместігі айтылған. 

Оқиғаға байланысты Еуропалық Одақ Хорватия халқына барлық қажетті көмек көрсетуге әзір екендігін жеткізіп, Хорватия ЕО-ның арнайы елшісі келетінін мәлімдеген.