Хорватия Шенген аймағының 27-ші еліне айналады
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Хорватия Шенген аймағына қосылады.
Reuters-тің хабарлауынша, тиісті шешімді 8 желтоқсан күні Брюссельде өткен кеңесте ЕО елдерінің ішкі істер министрлері бірауыздан қабылдады. Алдағы уақытта Хорватияның ЕО елдерімен шекарасындағы бақылаулар жойылады.
Шенген келісіміне Хорватиядан басқа ЕО-ның тағы екі елі Болгария мен Румыния қосыла алады деп күтілген болатын. Үш ел де бұл бағытта айтарлықтай жетістіктерге жетті, деді Германияның ішкі істер министрі Нэнси Фазер. Алайда Болгария мен Румынияға Балқан жолы деп аталатын жол бойындағы миграцияның күшеюінен қауіптеніп, Нидерланды мен Австрия тарапынан қарсылық білдірілген.