Хорезм облысына келуші саяхатшылар легі жыл өткен сайын еселене түсуде.
Мәселен, 2022 жылы өңірге 1 миллион 650 мың турист табан тіреп, олардың 138 мыңы шетелдік саяхатшылар болды. Ал биылғы жылдың қазан айына дейінгі дерекке сүйенсек, туристер саны шамамен 8 миллионға жеткен. Соның ішінде 2 миллионнан астамы – алыс-жақын шетелден келген қонақтар.
Бұл көрсеткіштің артуына аймақтағы мәдени-рухани өмірдің жандануы айрықша ықпал етуде. Жыл сайын өткізілетін 10-нан астам халықаралық фестиваль мен 20-дан аса жергілікті көпшілік шаралар туристердің қызығушылығын оятып, олардың уақытын мазмұнды өткізуге мүмкіндік береді. Мәселен, тек 2024 жылы өткен осындай шараларға 500 мыңнан астам шетелдік пен 1 миллионнан астам отандық қонақ қатысқан.
[gallery-25622]
Сонымен қатар өңірдің көлік инфрақұрылымы да жүйелі түрде жетілдірілуде. Қазіргі таңда Хорезмге аптасына 70 әуе рейсі қатынап, оның ішінде 17-сі халықаралық бағыттарға жол ашады. Бұл – аймақтың қолжетімділігі мен туристік тартымдылығын арттыра түскен маңызды қадам.
Туристердің қауіпсіздігі де назардан тыс қалған жоқ. Облыс орталығы мен туристік аймақтарда тәулік бойғы патрульдік қызмет ұйымдастырылып, «Қауіпсіз туризм полициясы» жұмыс істеуде. Сонымен бірге заманауи бейнебақылау жүйелері орнатылып, қонақтардың жайлы әрі тыныш сапар өткізуіне барлық жағдай жасалуда.
Хорезм бүгінде тек тарихи мұралары мен табиғи сұлулығымен ғана емес, қонақжайлығы мен қауіпсіздігімен де әлемдік туризм картасында өзіндік орын алып келеді.
суреттерді түсірген Б.Саидов, ӨзА