Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Хорезмде сынап пен платинаны 530 мың долларға сатпақ болған азамат ұсталды
10:32 / 2021-10-25

Хорезм облыстық кеден басқармасының жедел штаб құрылымы мен Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі бірлесе отырып, платина мен сынап сұйық металының заңсыз саудасына шек қойды.

Мемлекеттік кеден комитетінің мәліметінше, Үргеніш қаласында жүргізілген жедел-іздестіру шарасы кезінде бұрынан бақылауда болған азамат салмағы 1,02 кг құйма платина және шамамен 514 г улы сынапты сатпақшы болға кезде қолға түсті.

Жоспар бойынша, қылмыскер платина құймасын 30 мың долларға, сынаптың грамын 1 000 АҚШ долларына бағалап, жалпы 530 мың долларға сатуға әрекет еткен.

Қазіргі кезде кеден басқармасы тарапынан тергеуге дейінгі сұрастыру жұмыстар жүргізілуде.