Хорезм облысында заңсыз майнинг анықталды
Хорезм облысы, Үргеніш ауданындағы «С». ЖШС ғимаратында майинг құрылғылары заңсыз пайдаланылған.
«Узэнергоинспекция» құқық қорғау органдары және электрмен жабдықтаушы мекеме мамандарымен бірлесіп жүргізген мониторинг шарасы барысында анықталды.
Хабарламаға сәйкес, О.О. есімді азаматқа тиісіті жалпы тұтыну қуаты 228,8 кВт құрайтын майнинг құрылғылары электр желісіне заңсыз қосылған. Осы орайда Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы 22 санды қаулысының 1-қосымшасында көрсетілгендей, электр энергиясын пайдалану қағидаларының талаптарын бұзу туралы құжат толтырылды.
Есептер бойынша, осы заңсыз жағдайдың салдарынан мемлекет мүддесіне 1 миллиард 60 миллион 205 мың сум зиян келген. Қазіргі уақытта тиісті құжаттар құқық қорғау органдарына жолданғаны айтылады хабарламада.