Хольгер Руне Франциядағы турнирдің жеңімпазы атанды
Даниялық әлемнің 11-ракеткасы Хольгер Руне Бур-де-Пеажда өткен көрме турнирінде бас жүлденің иегері болды.
Жартылай финалда қазақстандық Александр Бубликті тізе бүктірген Руне шешуші финалдық кездесуде даниялық теннисші ATP рейтингінде 24-орында тұрған австралиялық Алекс Де Минаурды 7/5, 6/4 есебімен ұтты.
Сондай-ақ, жарысқа Фабио Фогнини, Маттео Мартино және Габриэль Дебру қатысты.