Холанн PFA бойынша Премьер-Лиганың үздік ойыншысы атанды
«Манчестер Сити» клубының шабуылшысы Эрлин Холанн PFA нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атағын алды.
2022/23 маусымында норвегиялық футболшы азаматтардың сапында барлық жарыстарда 53 ойын өткізіп, 52 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген.
Сондай-ақ өткен маусымда 23 жастағы шабуылшы клубпен бірге үштікке қол жеткізді. Хосеп Гвардиола командасы Премьер-лигада, Англия кубогында және Чемпиондар лигасында жеңіске жетті.
Еске салар болсақ, 2022 жылы Ливерпуль шабуылшысы Мохамед Салах Премьер-Лигадағы маусымның үздік ойыншысы атанған еді.