Хоккейден Өзбекстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатына қатысады
2025 жылдан бастап Өзбекстанның хоккей құрамасы Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) ұйымдастыратын әлем чемпионатының ең төменгі – IV дивизионына қатысады.
IIHF күнтізбесінде жарияланған хабарға сай, Өзбекстан хоккейшілерімен Иран, Кувейт, Индонезия, Малайзия және Арменияның хоккейшілері күш сынасады.
Жарыстың өтетін күні мен орны қазірше белгісіз. Бұл Өзбекстан хоккей құрамасы үшін тарихтағы алғашқы турнир болмақ.