Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Хоккейден Канада әйелдер құрамасы әлем чемпионы атанды
12:32 / 2022-09-05

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Канада әйелдер құрамасы жеңіске жетті.

Данияда өткен әлем чемпионатының финалдық кездесуінде Канаданың әйелдер құрамасы АҚШ құрамасын 2:1 есебімен ұтып, жеңімпаз атанды.

Осылайша Канада әйелдер құрамасы әлем чемпионатының алтын медалін 12-ші рет жеңіп алды. Ал, америкалықтар 12-ші рет күміс жүлдегер атанды.

Үшінші орын үшін өткен ойында Чехия Швейцария құрамасын ұтты. Кездесу 4:2 есебімен аяқталды. Бұл медаль Чехия әйелдер құрамасы үшін әлем чемпионатындағы алғашқы медаль болды.