Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) 29 желтоқсан қарсаңында Канадада өтетін жастар арасындағы 2022 жылғы әлем чемпионатының тоқтатылатылғанын хабарлады.
Шешім COVID-19 жұқтырған хоккейшілер санының артуына байланысты қабылданды.
«Турнирдің COVID-19 медициналық тобының және IIHF Медициналық комитетінің ұсынымдарын ескере отырып, IIHF кеңесі коронавирустық инфекцияның омикрондық штаммының таралуының жалғасуына байланысты барлық қатысушылардың қауіпсіздігі және денсаулығын сақтау мақсатында 2022 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатын өткізуден бас тарту туралы шешім қабылдады.
Шешім 30 желтоқсанға жоспарланған Ресей мен Словакия арасындағы матчта ресейліктерге техникалық жеңіліс беруді қарастыратын Ресей құрамасының ойыншысында індет анықталғандығы бойынша ресми қорытындыдан кейін қабылданды.
Қатысушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, IIHF кеңесі техникалық ақауларға байланысты турнирдің спорттық тұтастығына нұқсан келтірілді және іс-шараны тоқтату керек деп шешті», - делінген IIHF сайтында.