Хоккей: Өзбекстан чемпионаты өз мәресіне жетті
Өзбекстанда хоккей маусымы аяқталып, 2025 жылғы ел чемпионатының қорытындысы белгілі болды.
Үш айналымдық жүйе бойынша өткен тартысты додада 5 команда мұз айдынында өз шеберліктерін сынады.
Жанкүйерлердің қолдауымен өнер көрсеткен «Феникс» клубы жоғары нәтижеге қол жеткізіп, екінші рет Өзбекстан чемпионы атанды.
Күміс жүлде иесі – «Бинокор», олар чемпионнан небәрі 4 ұпай артта қалды.
Ал былтырғы маусымда жеңімпаз атанған «Tashkent Select» биыл жүлделі орыннан тыс қалды.
Бұл чемпионат Өзбекстандағы хоккей спортының даму қарқыны мен командалардың шеберлік деңгейінің артқанын тағы бір дәлелдеді.