Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Хоккей: Ресей мен Беларусь 2023 жылғы Әлем чемпионатына қатыспайды
18:05 / 2022-10-01

2023 жылы өтетін шайбалы хоккейден Әлем чемпионатына Ресей мен Беларусь құрамалары қатыспайтын болды.

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) хабарлауынша, шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионаты Ресей мен Беларусьтің қатысуынсыз өтеді.

«IIHF кеңесінің 2022 жылғы 28 ақпандағы шешіміне сәйкес, Ресей мен Беларусь келесі ескертуге дейін IIHF қамқорлығымен өтетін жарыстарға қатыса алмайды», - делінген құжатта.

Шайбалы хоккейден 2023 жылғы Әлем чемпионатын Латвияның астанасы Рига мен Финляндияның Тампере қалалары бірлесіп өткізеді. Бастапқыда чемпионат Санкт-Петербургте өтеді деп жоспарланған, бірақ Украинадағы ахуалдан кейін Ресей бұл турнирді өткізу құқығынан айырылды.