Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ХОК Ресей мен Беларусьқа қарсы санкцияларды күшінде қалдырды
13:54 / 2022-12-12

Халықаралық Олимпиада комитеті Ресей мен Беларусь құрамалары 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатыспайтынын мәлімдеді.

Лозаннада өткен ХОК саммитінде Ресей мен Беларусь құрамалары 2024 жылы Францияда өтетін жазғы Олимпиада ойындарына да, Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) қамқорлығымен өтетін ешбір іс-шараларға қатыса алмайтыны белгілі болды. 

«Қатысушылардың басым көпшілігі Олимпиадалық келісім мен Олимпиада хартиясын өрескел бұзғаны үшін жауапты болып табылатын Ресей мен Беларусь мемлекеттері мен үкіметтеріне қарсы санкциялар күшінде қалуы керек деп келісті», - делінген саммит декларациясында.

Дегенмен, бұл ретте екі елдің спортшылары бейтарап тудың астында немесе басқа елдердің командаларының өкілдері ретінде қатыса алады.

ХОК хабарынша, санкцияларға Ресей мен Беларусь аумағында «халықаралық спорттық іс-шараларды» өткізуге, сондай-ақ кез келген спорттық жарыстар мен кездесулерде осы елдердің туын, әнұранын немесе басқа құралдарын көрсетуге тыйым салу кіреді.