ХОК Париж-2024 футбол турниріне квоталарды жариялады
Халықаралық Олимпиада комитеті Парижде өтетін Олимпиада ойындарының футбол турниріне квоталарды жариялады.
Бөлінген квотаға байланысты, бұл жолы да Еуропаға ең көп жолдама берілген – Олимпиада өтетін елмен бірге есептегенде 4 жолдама. Азия мен Африка елдері үшін – 3,5 квотадан, Оңтүстік және Солтүстік Америкаға – 2, Океания елдеріне – 1 жолдама қарастырылған.
Париж 2024 футбол турниріне арналған квоталар:
- УЕФА - 3+1
- АФК - 3 + 0,5 (CAF-пен плей-офф)
- CAF - 3 + 0,5 (АФК-мен плей-офф)
- CОNMEBOL - 2
- CONCACAF - 2
- Океания – 1
Францияда өтетін Олимпиадалық футбол турниріне 16 команда жолдама алады. 23 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы 2024 жылғы Азия кубогының үздік үш командасы тікелей Парижге барады. Төртінші құрама плей-офф кезеңінде Африканың төртінші құрамасымен кездеседі.