Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Хиуада ТМД-ға мүше мемлекеттердің шекара ведомстволары басшыларының кеңесі өтті
16:48 / 2024-03-28

Хиуа қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің шекара ведомстволары басшыларының 8-ші өңірлік кеңесі өтті.

Оған Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан және Өзбекстан республикаларының шекара ведомстволарының өкілдері, Шекара әскерлері Қолбасшылары Кеңесінің Үйлестіру қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ олар қатарында ТМД-ға мүше  мемлекеттердің Терроризмге қарсы күрес орталығы және ШЫҰ Аймақтық аксилтеррор құрылымының Атқару комитеті делегациялары қатысты.

Шара барысында Орталық Азия аймағындағы заманауи геосаяси факторлар мен қауіп-қатерлердің ТМД-ға мүше мемлекеттердің сыртқы шекараларының қауіпсіздігіне әсері қарастырылып, оларға қарсы ынтымақтастықта жүзеге асырылатын шаралар айқындалды.

Делегация басшыларының айтуынша, ТМД-ға мүше мемлекеттердің Шекара әскерлері Қолбасшыларының Кеңесі шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне бірыңғай, ортақ көзқарасты әзірлеу және жүзеге асыру үшін тиімді мемлекетаралық платформа (майдан) қызметін атқарып келуде. Сондай-ақ шарада өзара түсіністікке, сенімге және тату көршілікке негізделген шекаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту қажеттігіне назар аударылды.