Хиуа қаласында ЮНЕСКО-ның Халықаралық мәдени форумы өтеді
ЮНЕСКО-ның қолдауымен Өзбекстанның Хиуа қаласында «Орталық Азия өркениеттер тоғысында» атты Халықаралық мәдени форум өтеді.
ЮНЕСКО бірнеше жылдар бойы Орталық Азияның ортақ тарихы мен мәдени мұрасына назар аударып келеді. Осыған орай ұйымда «Жібек Жолы» жобасы іске қосылып, онда мәдениеттің, гастрономияның және сән өнерінің дамуындағы сауда жолдарының бірегей тоғысуының рөлі туралы, спорт ойындарының таралуы, саяхатшыларға қауіп төндіретін инфекциялар туралы көбірек мәәліметтер білуге мүмкіндік береді.
ЮНЕСКО Хиуа қаласында өтетін Халықаралық мәдени форумын «осы аймақтың жалпы мәдениеті мен мұрасын зерттеуге және насихаттауға мүмкіндік береді» деп санайды.