Өзбекстанда алғаш рет халықаралық этноспорт фестивалі өтуде.
Үш күнге созылатын халықаралық спорттық конференцияға Хорезм облысында үлкен дайындық жүргізіліп, фестивальге ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ, Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының өкілдері, оған мүше мемлекеттердің үкімет өкілдері, Ислам ынтымақтастығы ұйымы және 63 елден барлығы 1900 спортшы қатысуда.
[gallery-13493]
Қазіргі уақытта Хорезмге Түркия, Моңғолия, Словакия, Ресей Федерациясы, Австралия, Әзірбайжан, Оңтүстік Корея, Үндістан, Египет, Польша, Қазақстан, Тәжікстан, Сербия, Бангладеш, Қырғызстан, Түркіменстан, Малайзия, Сингапур, Кипр, Оман, Иран, Пәкістан, Израиль , Франция, Грузия, Зимбабве, Литва, Румыния, АҚШ, Венгрия, Тунис, Италия, Таиланд, Армения, Иордания, Индонезия, Ауғанстан, Австрия, Англия, Аргентина, Беларусь, Болгария, Біріккен Араб Әмірліктері, Бразилия, Греция, Алжир сынды елдерден шетелдік делегациялардың мүшелері мен қонақтары келуде.
суреттерді түсірген Бехзод Саидов, ӨзА