Хиуа қаласында бірінші халықаралық этноспорт фестивалі өтеді
2023 жыл 7-10 қыркүйек аралығында Хиуа қаласындағы «Ичан Қалъа» кешенінде бірінші халықаралық этноспорт фестивалі өтеді.
Шараға шет мемлекеттерден жалпы 1884 адам, оның ішінде 928 шетелдік және 956 отандық мейман қатысады деп күтілуде.
Халықаралық этноспорт фестивалі аясында:
- Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясымен бірлесіп этноспортты дамыту және танымал ету форумы;
- аймақтардан келген шебер аспаздардың қатысуымен екі бөлімнен тұратын аспаздық байқау;
- халықтың ұлттық мәдениеті мен дәстүрін көрсететін қолөнер бұйымдары мен өнер туындыларының көрмелі алаңы;
- 3 әлем чемпионаты (балуандар ойыны және тас көтеру, мас-рестлинг, өзбек жекпе-жек өнері);
- белбеулі күресітен халықаралық турнир;
- 6 спорт түрінен көрсетілімдер (тұран жекпе-жегі, күрес, ат спорты, садақ ату және құс аулау);
- 12 ұлттық халық ойындар бойынша көрме ойындары ұйымдастырылады.