Хиросимадағы WTA-250 турнирі өтпейтін болды
Жапония теннис қауымдастығы US Open турнирінен бір аптадан кейін өтуі жоспарланған Хиросимадағы WTA-250 турнирінің тоқтатылатынын хабарлады.
Турнирдің тоқтатылғанына коронавирустық пандемиядан туындаған қаржылық қиындықтар себеп болған. Оның кесірінен қауымдастықтың бюджеті 20 миллион доллардан 5-7 долларға дейін қысқарды.
Бұл ретте қауымдастық Токиода ATP-500 және WTA-500 турнирлерін өткізуді жоспарлап отыр.