2021 жылғы химия саласындағы Нобель сыйлығы неміс ғалымы Бенджамин Лист пен американдық зерттеуші Дэвид Макмилланға беріледі.
Корольдік ғылым академиясы Нобель комитетінің өкілдерінің мәлімдеуінше ғалымдарға марапат «ассиметриялық органокатализді дамытқаны үшін» табысталмақ.

Ғалымдар 2000 жылы кіші органикалық молекулаларды қолдана отырып катализдің жаңа түрін жасағаны үшін Нобель сыйлығын алды. Бұған дейін катализаторлардың тек екі түрі белгілі болды: металдар мен ферменттер. Жасалған органикалық катализаторларда көміртек атомдарының тұрақты құрылымы бар, оларға неғұрлым белсенді химиялық топтарды қосуға болады. Олардың құрамында оттегі, азот, күкірт немесе фосфор сияқты элементтер бар, бұл оларды экологиялық таза және өндіруге арзан етеді.
Марапаттау рәсімі 10 желтоқсанға жоспарланған. COVID-19 коронавирус инфекциясынан туындаған пандемияға байланысты рәсім онлайн режимінде өтеді.
Еске сала кетсек, 2020 жылда химия саласы бойынша Нобель сыйлығы француз микробиологы Эммануэль Шарпантье мен американдық биохимик Дженнифер Дуднаға «геномды өңдеу әдістерін дамытқаны үшін» берілген болатын.