«Hi-tech банк» банкрот деп танылды
Ташкент ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «Hi-tech bank» банкрот деп танылды. Банкті тарату комиссиясы да өз қызметін аяқтады.
«Ташкент ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 17 наурыздағы «Hi-tech bank» жеке акционерлік коммерциялық банкін банкрот деп тану туралы шешіміне және Орталық банк басқармасының тиісті шешіміне сәйкес «Hi-tech bank» жеке акционерлік коммерциялық банктің тарату комиссиясының жұмысы тоқтатылды және сот М.Гизатулиннің таратушы болып тағайындалғаны мәлімденді», - делінген ресми Орталық банк хабарламасында.
Еске сала кетейік, 2022 жылдың қазан айында Орталық банктің тиісті шешімімен «Hi-tech Bank» банк қызметін жүзеге асыру құқығын беретін лицензиядан айырылған болатын. Оған себеп, банк «Банктер және банк қызметі туралы» заңның 54 және 77-баптарында көрсетілген заң бұзушылықтарға жол берген.