Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Хэмилтон Шумахердің рекордын жаңартты
17:30 / 2021-03-30

Формула-1 бойынша Бахрейн Гран-присінде «Мерседес» командасының британдық пилоты Льюис Хэмилтон жеңіске жетіп, аңызға айналған Михаэль Шумахердің тағы бір жетістігінен озды.

«Mercedes» жүргізушісі Шумахердің Ф-1 турниріндегі ең көп көшбасшылық еткен рекордын жаңартты: Льюис Хэмилтон 5126 айналымда көш бастап тұр, Шумахердің көсеткіші – 5111 айналым. Сондай-ақ үздік бестік қатарында Себастьян Феттель (3495), Айртон Сенна (2931) және Ален Прост (2683) бар.

Хэмилтон маусымның алғашқы жарысында белгіленген қашықтықты 1 сағат 36 минут 3897 секундта басып өтті.

Еске салар болсақ, Льюис Хэмилтон Формула-1 автожарысының 2020 жылғы маусымды мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтап жеті дүркін әлем чемпионы атанған болатын. Осы жетістіктеріне орай Ұлыбритания патшайымы оны рыцарь атағымен марапаттады.