Хэмилтон Сауд Арабиясы Гран-приінде жеңіске жетті
Мерседес командасының жүргізушісі Льюис Хэмилтон Формула-1 бойынша Сауд Арабиясы Гран-приінде жеңіске жетті.
«Jeddah Corniche Circuit» автодромында өткен жарыста 36 жастағы британдық пилот мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті. Бұл үшін оған 2 сағат 6 минут уақыт қажет болды.
Кейінгі орындарды Ред Булл мүшесі голландиялық Макс Ферстап келсе, Мерседес командасының тағы бір пилоты Валттери Боттас финиш сызығына үшінші жеткен.
Автожарыс кезінде көліктердің соқтығысуы салдарынан жарыс екі рет үзіліп, осы жағдайға орай Хаас, Феррари, Уильямс командаларының жүргізушілері ойынды жарысты тоқтатқан.