Хави «Барселона» клубына бас бапкер болып оралды
Испаниялық 41 жасты футбол майталманы Хави Эрнандес Каталонияның «Барселона» клубына бас бапкер болып тағайындалды.
Ресми ақпаратқа сай, «Аль-Садд» клубының бұрынғы жаттықтырушысы «Барсамен» 2024 жылдың жаз айына дейін келісімшартқа қол қойған.

Хавидің қатысуымен «Барселонадағы» алғашқы баспасөз мәслихаты 8 қарашада өтеді.
Еске сала кетсек, Хави «Аль Саддты» 2019 жылдан бері жаттықтырып келеді және Доха клубы бапкерлігінде 7 титулға қол жеткізген. Ал «Барселона» сапында 1998-2015 жылдары өнер көсетіп клубпен бірге 25 жүлдеге ие шығуда үлес қосқан.