Хасанбой Дусматов Олимпиаданы жеңіспен бастады
Париж қаласында өтіп жатқан ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарында өзбекстандық боксшы Хасанбой Дусматов шаршы алаңға шықты.
Хасанбой 51 келіге дейінгі салмақта Пуэрто-Рико боксшысы Хуанма Лопес де Хесуске қарсы рингке шығып, жеңіске жетті. Осылайша ширек финалға жолдама алды.
Енді Хасанбой Дусматов Олимпиада ойындарының жартылай финалдық кездесуінде қазақстандық Сәкен Бибисоновпен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек 2 тамызда өтеді.