Хасанбой Дусматов кәсіпқой бокста рингке шығады
Биыл 20 шілдеде Қырғызстанның Бішкек қаласында кәсіпқой бокс кеші ұйымдастырылады. Бұл кеште Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Хасанбой Дусматов өзінің жетінші жекпе-жегін өткізеді.
Бокс кешінде ол кәсіпқой рингте сегіз жекпе-жек өткізіп, жеңіліп көрмеген филиппиндік боксшы Ричард Ласпонаның қарсыласы болады.
Айта кетейік, Хасанбой Дусматов осы күнге дейін кәсіпқой бокста 6 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның соңғы кездесуі 2023 жылдың қараша айында Ресейде өткен болатын. Ол жекпе-жекте Хасанбой Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Сипхамандла Баледі ұпай саны бойынша ұтқан еді.