Хасанбой Дусматов екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды
Жазғы Олимпиада ойындарында Өзбекстан делегациясы бокстан алғашқы медалді қоржынға салды.
-51 келі салмақта Хасанбой Дусматов француз өкілі Билол Беннамамен өткен жекпе-жекте 5:0 есебімен жеңіске жетіп, екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Әндіжандық боксшы Рио-2016 Олимпиадасында да жеңіс туын желбіреткен еді.

Осылайша Өзбекстан делегациясының қоржынында 3 алтын және 2 қола бар .

Еске сала кетейік, Өзбекстан құрамасының тағы 4 боксшысы финалда алтын үшін таласатын болады.
