Азия-Тынық мұхиты технологиялар және инновациялар университетінің ректоры Хари Нараянан (Малайзия) Өзбекстандағы конституциялық реформалардың қоғам дамуы үшін маңыздылығы туралы «Dunyo» ақпараттық агенттігіне өз пікірін білдірді.
– Қазіргі уақытта әлемегі барлық елдер экономикасына орасан зор қиындықтар мен залал әкелетін коронавирустық індеттің және басқа да дағдарыстардың бұрын-соңды болмаған зардаптарымен бетпе-бет келуде.
Осы тұрғыдан алғанда Өзбекстан Конституциясына ұсынылып отырған өзгертулер мен толықтырулар халықтың әл-ауқатын одан әрі қамтамасыз ету мен елдің әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету мәселелеріне негізделгенін өте маңызды және дұрыс деп есептеймін.
Соңғы жылдары Өзбекстан басшылығы «Адам мүддесі бәрінен де жоғары» қағидасы негізінде халық өмірін түбегейлі жақсарту мақсатында елде кең ауқымды әлеуметтік реформаларды жалғастыруға ниетті екенін растады.
Өзбекстандағы конституциялық реформалар халықтың әл-ауқатын арттыруға және елдің дамуына қызмет ететініне сенімдімін.
Еске сала кетсек, «Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Өзбекстан Республикасының Конституциялық заңы жобасының қоғамдық талқылауы 2022 жылдың 25 маусым айынан бастап 5 шілде аралығында өтеді.