Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Халықсүйер депутат» Расул Кушербаев ресми түрде өкілеттігін аяқтады
11:23 / 2022-12-26

Өзбекстандағы өзекті проблемаларды көтерудегі белсенділігі, халықты жылдар бойы мезі еткен қиын мәселелерді шешуде батыл қадам жасаған депутаттың бірі Расул Кушербаев ресми түрде депутаттық өкілеттігін аяқтады.

Өзбекстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Олий Мажлис заң шығару палатасының депутаты Расул Қыдырәліұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселесін қарап, комиссия мүшелері оның өкілеттігін тоқтатуды бірауыздан қолдады.

Бұған дейін ол өзінің Telegram арнасында мандатын тапсырғысы келетіні туралы жазып, мәлімдеген болатын. 

Еске салар болсақ, Расул Кушербаев Олий Мажлис заң шығару палатасының депутаты лауазымындағы жұмысы барысында қоғамдағы өзекті проблемаларды көтерудегі белсенділігі, халықты ұзақ жылдардан бойы мезі еткен қиын мәселелерді оңтайлы шешім табуына батыл қадам жасаған әрекетінің арқасында 2019 жылда Өзбекстанда «Жыл депутаты», 2020 жыл «Жыл адамы», 2021 жылы «Халықсүйер депутат» мәртебесіне ие болған еді.