English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Халықаралық рейтингке енген ЖОО бітірген мамандар жалақысына үстемақы қосылады
17:58 / 2022-12-13

Өзбекстанда Халықаралық рейтингке енген ЖОО бітірген жас мамандардың жалақысына қосымша 75 еселенген БЕМ (базалық есептеу мөлшері) үстемақы қосылады.

Мемлекеттік қызметтерді дамыту агенттігінің хабарлауынша, бұл ретте Халықаралық рейтингке енген ЖОО-дың бакалавр, магистратурасын бітірген және ғылыми дәреже алған жас мамандарға бөлек мөшерде үстемақы қарасытырылған.

  • Рейтингте 1-100 орын: бакалавриат – БЕМ-нің 30 есесі (9 миллион сум), магистратура – ​​40 есе (12 миллион сум), ғылыми дәрежеге – 75 есе (22,5 миллион сум);
  • Рейтингте 101-300 орын: бакалавр – 20 есе (6 миллион сум), магистратура – ​​30 есе (9 миллион сум), ғылыми дәрежеге – 60 есе (18 миллион сум);
  • Рейтингте 301-500 орын: бакалавриат – 15 есе (4,5 миллион сум), магистратура – ​​20 есе (6 миллион сум) және ғылыми дәреже – 50 есе (15 миллион сум).