Биылғы оқу жылында Жапония, Біріккен Араб Әмірліктері, Швейцария, Венгрия елдерінде өткен беделді халықаралық олимпиадада өзбекстандық оқушылар 2 алтын, 1 күміс, 10 қола, жалпы 13 медаль иеленгені тарихи жеңіске айналды.
Министр Хилола Умарова, олимпиада жеңімпаздары мен олардың ұстаздары қатысқан шарада халықаралық ғылыми олимпиадалар негізінен нақты және жаратылыстану пәндері бойынша өтетіні, оған өзбекстандық оқушылар да лайықты қатысып жатқанын айтып өтті.
[gallery-13523]
Мемлекет басшысының 2019 жылғы 3 мамырдағы «Дарынды жастарды анықтау және жоғары білікті кадрлар даярлаудың үздіксіз жүйесін ұйымдастыру шаралары туралы» қаулысына сәйкес алтын медаль алған оқушыларға 500 еселенген БЕМ (165 млн сум), ұстазына 450 есе (148,5 млн ; Күміс медаль үшін оқушыға 300 еселенген БЕМ (99 млн сум), ұстазына 250 есе (82,5 млн сум), қола медаль үшін БЕМ 200 есе (66 млн сум), ұстазына 150 есе (49,5 млн сум) ақшалай сыйлықпен марапаттау белгілен.
Сондай-ақ, математика, физика, химия, биология пәндері бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мемлекеттік жоғары оқу орындарына тестсіз және қосымша емтихансыз қабылданады.
Марапаттау шарасы барысында беделді халықаралық олимпиада жеңімпаздарына 1 миллиард 89 миллион сум, ұстаздарына 875 миллион су, облыстық халықаралық олимпиада жеңімпаздарына 130 миллион сум, бағалы сыйлықтар және ұстаздарына 593 миллион сум, жалпы алғанда 2 миллиард 686 миллион сум ақшалай сыйлық берілді.